Оның айтуынша, жаңа Салық кодексінің қабылдануына байлапысты ірі құрылыс компаниялары бизнесті бөлшектеп, үлкен пайда табатын тәжірибе жойылатын болады.
«Бізде тұрғын үй құны нарықтық әдістермен реттеледі. Алайда, жеке құрылысшылардан тұрғын үй сатып алатын тапсырыс беруші ретінде мемлекеттің араласуы 10 жыл ішінде өзінің тиісті әсерін беріп келеді. Бізде тұрғын үй бағасы қатты қымбат емес. Мен "бизнес" немесе "элита" класс сегментін емес, эконом кластағы тұрғын үйді айтып отырмын. Оның бағасы өзіне лайық, Біз мұнда бағаның күрт өзгерістерге ұшырап жатқанын көріп отырған жоқпыз. Жаңа Салық кодексінің қабылдануына байлапысты ірі құрылыс компаниялары бизнесті бөлшектеп, үлкен пайда табатын тәжірибе жойылатын болады»,— деді Роман Скляр.
Вице-премьер тұрғын үй құны жобалау-сметалық құжаттамаға және аз қамтылған азаматтар үшін берілетін мемлекеттік тапсырысқа сәйкес, оның ішінде «Бақытты отбасы» бағдарламасы немесе жұмыс істейтін жастарға арналған «Наурыз Жұмыскер» бағдарламасы шеңберінде реттелетінін айтты.