Мәзір
30 шілде, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Шавкат Рахмоновтың қарындасы жеңгесі жайлы жазба жариялады

Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы Сора Рахмонова әлеуметтік желіде жол апатына ұшыраған жеңгесіне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Шавкат Рахмоновтың қарындасы жеңгесі жайлы жазба жариялады Шавкат Рахмоновтың қарындасы жеңгесі жайлы жазба жариялады
Фото: Caravan.kz

"Ағамның отбасындағы жағдайға алаңдап, хабарласып жатқандарға Алла разы болсын! Мұндай ауыр жағдай ешкімнің басына келмесін. Ертең не боларын бір Алла біледі... Жеңгеме Алла жар болсын! Екі бірдей жақынынан айырылып, өзі де жарақат алды. Қайтыс болған жандардың иманы жолдас болсын, жандары жәннатта болғай", - деді Сора Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы Жамбыл облысында жол апатына ұшырап, екі адам көз жұмғаны хабарланды.

Апта талқысында: