Мәзір
30 шілде, 2025 / BuginMedia / Аймақ

Астана – Бурабай бағытында тағы бір қосымша электр пойызы қатынайтын болды

Туристер арасында танымал бағыттардың көлік қолжетімділігін арттыру және жолаушыларға жайлы жағдай жасау мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана-1 – Бурабай курорты» бағытында №6811/6812 қосымша қала маңы электр пойызын іске қосты,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Астана – Бурабай бағытында тағы бір қосымша электр пойызы қатынайтын болды Астана – Бурабай бағытында тағы бір қосымша электр пойызы қатынайтын болды
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Электр пойызы әр сәрсенбіде қатынайды.

Астанадан сағат 11:00-де шығып, 13:35-те Бурабай станциясына жетеді. Кері бағытта пойыз 14:15-те жолға шығып, 17:00-де Астанаға оралады.

"Пойыз құрамында 4 вагон бар. Жолаушылар үшін 1, 2 және 3-сыныптағы қызмет көрсету түрлері қолжетімді. Вагондар кондиционерлермен, ауа тазарту жүйесімен, биоәжетханалармен, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы орындармен, ыңғайлы орындықтармен, велосипед қоятын орындармен және Vputi.kz медиапорталына қолжетімді тегін Wi-Fi желісімен жабдықталған", — делінген хабарламада.

Қала маңы бағытындағы жолаушылар пойызына билеттерді жөнелтуге 10 күн қалғанда сатып алуға болады. 

Айта кетейік, осыған дейін Бурабай бағытында «Burabay Express» жаңа электрпойызы іске қосылған болатын. 

 

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2