Мәзір
25 шілде, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Тамызда бірқатар өңірде құрғақшылық болуы мүмкін

"Қазгидромет" РМК 2025 жылға тамызға құрғақшылық болжамын шығарды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Тамызда бірқатар өңірде құрғақшылық болуы мүмкін Тамызда бірқатар өңірде құрғақшылық болуы мүмкін
Фото: kaztag.kz

Еліміздің оңтүстігінде жаздың соңында құрғақшылықтың жоғары ықтималдығы сақталады.

Алдын ала есептеулер бойынша тамыз айында бірқалыпты құрғақшылық күтіледі:

Батыс Қазақстан облысының Жаңғала және Қаратөбе аудандарында;

Ақтөбе облысының Шалқар және Ыргыз аудандарында;

Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;

в Карагандинской области Актогайском и Шетском районах;

Абай облысының Аягөз және Үржар аудандарында;

Алматы облысының Балқаш, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында;

Жетісу облысының Қаратал, Панфилов, Кербұлақ және Алакөл аудандарында;

Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында;

сондай-ақ, Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстарының басым бөлігінде.

Павлодар облысының Ақтоғай және Железинка аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл және М.Жұмабаев ауданындарында бірқалыпты ылғалды жағдайлар болжанады.

Елдің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайлары нормаға жуық болады деп күтілуде.

Апта талқысында: