Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, 24 шілдеде Астана уақытымен сағат 8:47-де Сарқан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 124 шақырым жерде магнитудасы 3,8 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметі бойынша, жер сілкінісі Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде болған. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы - 3,7.