Адамзат баласына чикунгунья деп аталатын эпидемия қауіп төндіріп тұр. Індеттің тасылмалдаушысы — қарапайым маса. Қауіпті вирус әлемнің бірнеше еліне тарап үлгерген. Мәселен Үнді мұхитының Майотта және Маврикий аралдарынан басталған. Мұнда тұрғындардың үштен бірі вирус жұқтырған деген болжам бар. Сонымен қатар Мадагаскар, Сомали, Кения және Оңтүстік-Шығыс Азияда, соның ішінде Үндістанда да тез таралуда. Еуропаға індетті өзге аймақтардан алып келушілердің саны күрт артыпты. Науқас саны Францияда да көбейіп жатыр. Соңғы екі айдың өзінде 800-ге жуық жағдай тіркелген. Тағы ел ішінде 12 адамнан инфекция анықталған.
Вирустың алғашқы белгілері: дене қызуы, бас ауруы, бөртпе. Вирусқа қарсы нақты ем жоқ. Сондықтан мамандар арнайы масаға қарсы түрлі препарат қолданып, жабық киім киюге кеңес береді.