Мәзір
22 шілде, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Прокурорлар Перизат Қайратты 10, анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға соттауды сұрады

Прокурорлар Перизат Қайратқа 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Прокурорлар Перизат Қайратты 10, анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға соттауды сұрады Прокурорлар Перизат Қайратты 10, анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға соттауды сұрады
Фото: Перизат Қайрат пен Ғайна Алашбаеваның желідегі парақшасынан

Бүгінгі жарыссөз барысында айыптау тарапы айыпталушы Перизат Қайратқа мүлкін тәркілей отырып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Оның анасы Ғайни Алашбаева үшін прокурорлар 8 жыл бас бостандығынан айыруды ұсынды.

"Перизат Қайратты кінәлі деп танып, оған 10 жыл бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, сондай-ақ 10 жыл мерзімге қайырымдылық үшін қаражат жинаумен айналысуға тыйым салу жазасын тағайындауды сұраймыз", – деді прокурор.

Апта талқысында: