Мәзір
20 шілде, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Перизат Қайраттың айналасында ықпалды адамдар болуы мүмкін - адвокат

Адвокат Мейірман Шекеев Перизат Қайраттың айналасында ықпалды адамдар болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Перизат Қайраттың айналасында ықпалды адамдар болуы мүмкін - адвокат Перизат Қайраттың айналасында ықпалды адамдар болуы мүмкін - адвокат
Фото: tengrinews.kz

Адвокат Мейірман Шекеев Перизат Қайрат ісіне қатысты пікір білдіріп, бұл іске жалғыз адамның қатысы бар дегенге күмән келтірді.

Оның айтуынша, миллиардтаған теңге көлеміндегі қаржылық алаяқтықты жоғары шенді адамдарсыз жүзеге асыруы мүмкін емес.

"1991 жылғы жап-жас қыз. Жоғары білімі жоқ. Мен жалғыз өзі істеді деп ойламаймын. 2,8 миллиард дейді, енді 3,6 миллиард теңге деп те айтылып жатыр. Бірақ бұл көлемдегі қылмысты бір қыздың өзі істей салуы мүмкін емес. Қасында жоғары лауазымды адамдардың болғанын мен болжай аламын. Байбектердің, басқалардың аттары аталып жатыр. Бұл қызды пайдаланып кеткен сияқты. Енді сот құқықтық бағасын береді ғой. Менің ойым әзірше осындай", – деді адвокат Stan.kz-ке берген сұхбатында.

Адвокат сонымен қатар халықты абай болуға шақырып, әлеуметтік желідегі ақша жинау науқандарының заңсыз екенін ескертті.

"Блогерлер ақша жинап жатады, оның бәрі заңсыз. Жеке адам өзінің есебіне ақша ала алмайды. Қайырымдылық қордың өз есепшоты болады. Соған аударса, онда түсінікті. Бір адам 10 мың теңге берді делік, бұл қайырымдылыққа жұмсалып жатқанын қайдан біледі? Қайырымдылық қордың басшысы сол 10 мың теңгеге есеп беруі керек. Қазір кім есеп беріп жатыр?", – деді ол.

ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТ ІСІ

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы және 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Прокурорлардың мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейін Перизат Қайрат пен оның анасы 3,5 млрд теңгені қолма-қол шешіп алған.

Апта талқысында: