Мәзір
14 шілде, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Перизат Қайрат сотта Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің есімін атады

Астанада Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сот отырысында Перизат Қайрат сөз арасында бұрынғы Nur Otan (қазіргі Amanat) партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған, Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің есімін атады, деп хабарлайды buginmedia.kz "ҚазАқпарат" ХАА-ға сілтеме жасап.

Перизат Қайрат сотта Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің есімін атады Перизат Қайрат сотта Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің есімін атады
Фото: instagram.com/01pk

"Сұрақ-жауап бөлімін қордың құрылтайшыларынан бастаса деймін, себебі айыптау актісінің бірінші абзацында мені анаммен бірге қор құрды, жалған қол жинады деп айыптап отыр. Ал бұл қор партия жанынан, Бауыржан Байбек мырзаның басшылығы кезінде құрылған. Барлық құрылтайшы – мені қоспағанда, кейбірі бұрынғы, ал кейбірі әлі күнге партияда жұмыс істеп жүрген қызметкерлер", - деді Перизат Қайрат сот отырысында.

Айта кетейік, бүгін прокурорлар айыптау актісін жариялады. Алайда Перизат Қайрат та, анасы да тағылған айыптармен келіспейтінін мәлімдеді.

Айыптау актісіне сәйкес, Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі көлемде, адамдар тобы болып жасаған алаяқтық) және 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру) бойынша айып тағылып отыр.

Апта талқысында: