Мәзір
8 шілде, 2025 / BuginMedia / Аймақ

Жамбыл облысында 6 балдық жер сілкінісі болды

Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды buginmedia.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 6 балдық жер сілкінісі болды Жамбыл облысында 6 балдық жер сілкінісі болды
Фото: istockphoto.com

«Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 шілде Астана уақытымен 14:30-да жер сілкінісін тіркеді.

ТЖМ ақпаратынша, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында 334 шақырым жерде Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан.

Жерасты дүмпулері мына елді мекендерде тіркелді:

Құлан а. –  6 балл;

Мерке а. – 5 балл;

Шу қ. – 3 балл;

Сарыкемер а. – 3 балл;

Төле би а. – 3 балл;

Тараз қ. – 3 балл;

Аса а. – 2 балл;

Мойынқұм а. – 2 балл;

Қордай а. – 2 балл;

Бауыржан Момышұлы а. – 2 балл;

Қаратау қ. – 2 балл;

Тұрар Рысқұлов а. – 2 балл;

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түспеген.

Апта талқысында: