Мәзір
1 шілде, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Шілдеге ауа райы болжамы жарияланды

Шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады, жауын-шашын, жекелеген күндері нөсер жауын, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Шілдеге ауа райы болжамы жарияланды Шілдеге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: vkolibrary.kz

Республиканың оңтүстік жартысында қатты ыстық және өте қатты ыстық болжанады, шаңды дауылдар күтіледі.

Бірінші онкүндіктің бірінші жартысында тұрақты циклонның әсерінен елдің батысында (Батыс Қазақстан облысы) температуралық фон күндіз +18+26°С сақталады, онкүндіктің соңына қарай +28+33°С-қа дейін жоғарылайды.

Атырау және Маңғыстау облыстарында ауа температурасының күндіз +25+33°С-тан +30+38°С-қа дейін біртіндеп жоғарылуы болжанады.

Солтүстік және орталық өңірлерде ыстық ауа-райы салқын ауа-райымен алмасады, онкүндіктің басында ауа температурасы күндіз +25+35°С-қа дейін жоғарылайды, содан кейін +18+23°С-қа дейін төмендейді, Қазақстанның шығысында ең ыстық кезең онкүндіктің ортасында болжанады, ауа температурасы күндіз +30+38°С-қа дейін жоғарылайды.

01-05 шілде аралығында Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының түнде +15+22°С-тан +25+30°С-қа дейін, күндіз +30+39°С-тан +40+46°С-қа өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температураның жоғарылауымен бұл аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Шілденің екінші және үшінші онкүндігінде елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында ең ыстық күндерде ауа температурасы +33+42°С дейін, Қазақстанның қиыр оңтүстігінде +46°С дейін жоғарылайды, салқын күндері +23+28°С-қа дейін төмендейді. Елдің солтүстік жартысы мен шығысында ауа температурасының түнде +15+23°С-тан +7+12°С-қа дейін, күндіз +32+39°С-тан +18+23°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.

Апта талқысында: