Жахан Отарғалиев аталмыш бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда актердің белгісіз арумен мейрамханада отырғанын көруге болады. Ол бойжеткенге ас ұсынып, оны барынша тамақтандыруға тырысқан.
Өнер иесі бейнежазба астына жүрек белгісін қойып қойған. Бұл жайт бірден оқырмандар назарына ілікті. Олар актердің жеке өмірінде өзгеріс болып жатқанын болжап, қызу талқылады.
"Өте әдемі қыз екен", "Осы қызды келін жасайық", "Екеуің жарасасыңдар", "Мына қыз анаңызға ұқсайды екен", "Бақытты болыңыздар", "Өтті. Мына видеоға тоқтамай күлдім", "Видеоның соңы ерекше. Қатырыпсыз", - деп жазды көпшілік.