Марқұмның денесі подъездің жанынан табылған.
Қайғылы оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді.
"Алмалы аудандық Полиция басқармасы 29 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады қалалық ПД.
Оқиға орнынан фото және видео әлеуметтік желілерде тарады.