Мәзір
15 маусым, 2025 / BuginMedia / Әлемде

Үндістанның солтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырап, барлық жолаушысы қаза тапты

Үндістанның солтүстігіндегі Гималай аймағында тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды buginmedia.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Үндістанның солтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырап, барлық жолаушысы қаза тапты Үндістанның солтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырап, барлық жолаушысы қаза тапты
Фото: pixabay.com

ANI агенттігінің мәліметінше, тікұшақ бортында пилотты қосқанда жеті адам болған. NDTV телеарнасы барлық жолаушылардың қаза тапқанын хабарлады. Алайда әзірге ресми түрде қаза тапқандар саны жарияланған жоқ.

Тікұшақ Уттаракханд штатының таулы өңіріндегі Кедарнатх ауылынан қайтып келе жатқан.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін.

Еске салсақ, 12 маусымда 242 адам отырған Air India әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, соңғы деректер бойынша шамамен 300-ден астам адам қаза тапқан. Ұшақ әуежайдан ұшып шыққаннан кейін бірнеше минуттан соң тұрғындар тұратын ауданға  құлаған. Бортта жалғыз жолаушы Ұлыбритания азаматы Вишваш Кумар Рамеш тірі қалған.

Апта талқысында: