Айтуынша, адам өліміне себеп болған қылмысты жасағандарға рақымшылық жасалмайды. Бұл істе қылмысты хабарламау бабы бойынша істі болғандар рақымшылыққа ілігуі мүмкін.
Шерзаттың өліміне кінәлі деп танылып, сотталған 9 адамның ішінде қылмысты хабарламағаны үшін кәмелетке толмамаған Думан Ысқақ 1,5 сотталған болатын.Демек, оған рақымшылық жасалуы мүмкін.
Бұған дейін депутат Абзал Құспан қанша адам рақымшылыққа ілігетінін айтқан болатын.