Мәзір
11 маусым, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Қазақстанда 15 мың адамға рақымшылық жасалады

Мәжіліс «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда 15 мың адамға рақымшылық жасалады Қазақстанда 15 мың адамға рақымшылық жасалады
Фото: istockphoto.com

Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның айтуынша, бұл қателік жасаған, бірақ өкініп, өзінің мінез-құлқымен түзелу жолына түскенін дәлелдеген адамдарға қатысты біздің мемлекет тарапынан жасалған ізгілік актісінің кезекті көрінісі.

«Алдын ала есептеулерге сәйкес рақымшылық жасауға бас бостандығынан айыру орындарында отырған 6 мың сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрған 9 мың адам – барлығы 15 мың адам қамтылады. ҚАЖ мекемелерінен шамамен 632 адам, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған 3,5 мың сотталған – барлығы 4,1 мың адам бостандыққа шығады. Одан бөлек, бұған дейін еш жерде жарияланбаған тың мәлімет: депутаттардың ұсынысымен рақымшылық актісін жүзеге асыру барысында қылмыстық жазасын өтеуге соңғы 1 жыл қалған, оң мінезделетін 1700-ден астам сотталған азамат босап шығады», - деді Құспан Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар 5,4 мың сотталған адамның және пробация қызметінің есебінде тұрған 5,5 мың адамның жаза мерзімі саралап қысқартылады. Жазаның өтелмеген мерзімдерін қысқарту 11 мың адамды қамтиды. Рақымшылыққа әлеуметтік осал адамдар санатынан 629 адам ілігеді, олардың 57-сі босатылады және 572 адамға мерзім қысқартылады.

«Рақымшылық жасау туралы заң жобасы 833 әйелге де қатысты (2704-і рақымшылыққа ілікпейді), оның ішінде 109-ы босатылады және 724-ісінің мерзімі қысқартылады», - деді Абзал Құспан.

Рақымшылық аса қауіпті, ауыр қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.

Апта талқысында: