Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев сот отырысынан кейін шыққан шудың видеосын жариялады.
Олар «Абзал, қой, Құдайдан қайтсын!», «Дидар, қой!»,- деп айғайлап жатыр.
Айта кетейік, бүгін 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында 9 күдіктіге үкім шықты.
Оқиғаның мән-жайы
2024 жылдың 4 қазанында Д. Әскентай мен Ш.Полаттың арасында, соңғының әкесі Қ.Нұрымовқа қатысты дөрекілік көрсету себебінің негізінде ерегіс орын алған. Нәтижесінде, Полат Әскентайдың бет тұсына бірнеше рет соққы жасаған.
Бұдан кейін Әскентай телефон арқылы өзінің досы – сотталушы Н.Тоқтаубаевты шақырады, ол дүкенге кәмелет жасқа толмаған Ы.-ның басқаруындағы машинамен келген. Тоқтаубаев келе салысымен өзінің танысы– сотталушы Ш. Белгожаевты шақырған.
Өз кезегінде, Нұрымов өзінің туған інісі Н.Гаипбаевты, ал оның ұлы Полат достары – С.-ны және кәмелет жасқа толмаған 2006 ж.т. М.-ны, 2008 ж.т. М.-ны және 2007 ж.т. М.-ны шақырған.
Арада 10-15 минут өткен соң оқиға орнына сотталушылар А.Тоқтаубаев, Н. Ильясов, Р. Сакиев, Ш.Белгожаев, А.Шынасыл, оданбасқа Д. Жақсыгелді мен Э.Нұрбекова келген. Бұлардан басқа, дүкеннің маңына Д. Қалиахмет, С.Абдықадыр мен Д. Мұратов та келген.
Әрі қарай, аталған адамдардың арасында орын алған ерегіс топтық төбелеске ұласқан. Кикілжің кезінде, Шынасыл кәмелет жасқа толмаған 2006 ж.т. М.-ның жақ тұсынан бір соққы жасайды (денсаулығына жеңіл зиян келтірілген), Сакиев Гаиповтың бетіне бір соққы жасайды. Калиахмет те Гаипбаевқа соққы жасауға әрекеттенген кезде, А.Тоқтаубаев пен Н.Ильясов Гаипбаевқа қарсы пышақтарымен қол бұлғайды. А.Тоқтаубаев Нұрымовтың желке тұсынан таспен ұрады, Шынасыл (Полаттың әжесі) Кадированы итеріп жібереді.
Төбелес кезінде Шынасыл кәмелет жасқа толмаған Полаттың кеуде тұсының сол жағына бір рет пышақ сұғып алады, ол кейін 2024 жылғы 11 қаңтардағы № 173 сараптаманың қорытындысына сәйкес, соңғының өліміне себеп болған.
Бұдан кейін, Шынасыл мен Сакиев Гаипбаевтың оң жақ жамбасының тұсына пышақпен сұғылмалы-кесілген жарақат келтіреді.
Ильясов Гаипбаевты мылтықтың діңіменұрып тастайды, сондай-ақ Г.Бейшембиеваның оң жақ қолының тұсынан соққы жасайды (денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген).
Әскентай, Н. Тоқтаубаев, Белгожаев, Ильясов, Сакиев, Шынасыл топ болып Гаипбаев пен Полатқа қолдары және аяқтарымен соққылар жасап, жарақаттар келтірген (денсаулықтарына жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген).
Бұдан басқа, А.Тоқтаубаев оқиға орнынан Гаипбаевтың ұялы телефонын ұрлаған. Шынасылдың пышақ сұғып алған әрекеттерінің салдарынан келтірілген жарақаттардың нәтижесінде Полат Талғар қаласының Орталық аудандық ауруханасында көз жұмған.
Қалған жәбірленушілердің денсаулықтарына жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген. Кәмелет жасқа толмаған Ы., оқиға орнында бола тұра, болған жағдайларды бақылап отырған. Шынасылдың пышақтар мен қаруды сүртіп жатырқанын көрген.
Сотталушылардың кінәсі дәлелдемелердің жиынтығымен, яғни жәбірленушілердің жауаптарымен, куәлардың жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, бейнежазбалармен, заттай дәлелдемелермен бекиді.
Тараптардың ұстанымы
Прокурор сотталушыларды тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танып, оларға сәйкесінше мерзімдерге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Жәбірленушілер мен олардың өкілдері барынша қатал жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушылар кінәларын жартылай мойындап, олардың іс-әрекеттерін жеңілірек қылмыс құрамына қайта саралауды сұрады.
Соттың шешімі
Сот барлық дәлелдемелерді зерделеп, сотталушыларды тағылған айыптардың барлық баптары бойынша кінәлі деп танып, оларға келесі жазаларды тағайындады.
Абзал Шынасылға, екі аса ауыр және бір ауыр қылмыс, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары (адам өлтіру), 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 1), 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша – 23 жыл бас бостандығынан айыру.
Сакиев Равильге, бір аса ауыр және бірауыр қылмыс, ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардыңжиынтығы бойынша түпкілікті – 20 жыл бас бостандығынан айыру.
Тоқтаубаев Азаматқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) жасағаны үшін, бұрын жасаған ауырқылмысы және ол бойынша өтелмеген жазасыескеріліп – 15 жыл бас бостандығын анайыру.
Ильясов Нұрқиясқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін, бұрынғысоттылығы және ол бойынша өтелмегенжазасы ескеріліп – 9 жыл бас бостандығынан айыру.
Әскентай Дарханға, Тоқтаубаев Нұрболға, Белгожаев Шыңғысқа және Қалиахмет Дидарға ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін заңмен көзделген барынша қатаң жаза – әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру.
Кәмелет жасқа толмаған Ы.-ға ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыружазасы тағайындалды.
Келтірілген моральдық шығынның есебіне Шынасылдан 60 млн. теңге, Сакиевтен – 30 млн. теңге, сондай-ақ қалған сотталғандардан ортақ тәртіпте және Сакиевтен – 30 млн. теңге өндірілді. Кәмелет жасқа толмаған Ы.-ға жәбірленушілер азаматтық талап қоймаған.
Бұдан басқа, сот прокурордың атынажекеше қаулы шығарды, яғни куәлар Д. Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенова, Ю. Рузбакиевалардың әрекеттерінде қылмыс құрамдары бар болуы мүмкіндігіне назар аудартылған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.