Мәзір
26 мамыр, 2025 / BuginMedia / Аймақ

Алиматы облысында қыз алып қашқан көлік апатқа ұшырап, қалыңдық көз жұмды

Қыз алып қашып келе жатқан көлік апатқа ұшырап, қалыңдық қайтыс болды, деп хабарлайды buginmedia.kz СMN-ге сілтеме жасап.

Алиматы облысында қыз алып қашқан көлік апатқа ұшырап, қалыңдық көз жұмды Алиматы облысында қыз алып қашқан көлік апатқа ұшырап, қалыңдық көз жұмды
Фото: Almaty-akshamy.kz

Алматы облыстық полиция департаменті қалыңдық көз жұмғанын хабарлады.

Оқиға Алматы облысындағы Үлкен Алматы айналма жолында болған.  Аталған жолдың 36 шақырымында қызды алып қашып келе жатқан көлік апатқа ұшыраған.

«Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz жолаушыларының бірі қаза болды. Жүргізуші мен тағы да екі жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға түскен. Кінәлі жүргізуші ұсталды. Уақытша оқшаулау орнына қамалды», – делінген ақпаратта.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

Апта талқысында: