Мәзір
26 мамыр, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Алматыда жетінші қабаттан құлап қаза тапқан Ақнәр Гүлстанның анасы өзіне қысым жасалып жатқанын айтты

Алматыда жетінші қабаттан құлап қаза тапқан Ақнәр Гүлстанның анасы Гүлістан Хамит тергеу барысында өзіне полиция тарапынан қысым жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алматыда жетінші қабаттан құлап қаза тапқан Ақнәр Гүлстанның анасы өзіне қысым жасалып жатқанын айтты Алматыда жетінші қабаттан құлап қаза тапқан Ақнәр Гүлстанның анасы өзіне қысым жасалып жатқанын айтты
Фото: Instagram// aqnar

Бұл туралы justice_for_aqnar Instagram парақшасында Ақнәрдің анасы Гүлістан Хамит жазба жариялады.

Оның айтуынша, Алматы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері хабарласып, үйіне полицейлерді жіберетінін айтып, одан қандай да бір бейнежазбаны беруді талап еткен. Алайда Гүлістан Хамит қолындағы барлық бейнематериалдарды тергеушіге бұрын тапсырғанын айтады. Қазір одан нақты не талап етіліп отырғаны мүлде түсініксіз.

«Қызы азапталып, қаза тапқан жәбірленуші тарапқа қысым көрсету — барып тұрған сұмдық. Қылмыскерлерге қатысты әділ әрі заңды шешім қабылдаудың орнына, тергеу бағытын басқа арнаға бұру кімге тиімді? Біз бұл әрекетті жәбірленушіні қорқытып-үркіту және әділдікке жетуге кедергі келтіру деп бағалаймыз», - делінген жазбада.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі журналист Руслан Өтепбай 7 қабаттан құлап көз жұмған Ақнәр есімді бойжеткеннің өліміне қатысты тың деректі жариялап, жақын күндері құпия ашылатынын айтқан болатын.

Еске сала кетейік, Ақнәр Гүлстан 2024 жылғы шілде айында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің жетінші қабатынан құлап, көз жұмған болатын.

Марқұмның анасы бұл оқиғаға байланысты әділ тергеу жүргізуді талап етіп, қызының өзіне қол салуы мүмкін емес екенін, оның өліміне басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс туғызды.

Апта талқысында: