Вице-премьердің айтуынша, халықаралық тәжірибеге сәйкес Ұлыбританияда, Исландияда, Австралияда, Жаңа Зеландияда, Норвегияда, Австрияда, Испанияда, Швецияда, Оңтүстік Африка Республикасында ым-ишара тілі ресми мойындалған.
"Алдағы кезеңде Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерін тарта отырып, әлемдегі ым-ишара тілдері мен дактиль әліпбилерінің ресми бекітілуіне (мойындалуына) қатысты халықаралық тәжірибе зерделенетін болады. Одан кейінгі кезеңде мемлекет пен қоғамның инклюзивтілігі тұрғысынан мүдделі мемлекеттік органдар бейінді ұйымдар өкілдерімен бірлесіп, қазақ ым-ишара тілі мен дактиль әліпбиін қабылдау мәселесі егжей тегжейлі пысықталатын болады", - дейді Көшербаев.