Мәзір
25 мамыр, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Енді қазақстандықтарға жұмыс ұсынысы бар SMS-хабарлама жіберіледі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тіркелген жұмыссыздардың арасынан өмірлік қиын жағдайға тап болған 300 қазақстандыққа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен SMS хабарламалар жібереді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Енді қазақстандықтарға жұмыс ұсынысы бар SMS-хабарлама жіберіледі Енді қазақстандықтарға жұмыс ұсынысы бар SMS-хабарлама жіберіледі
Фото: gov.kz

ҚР Ұлттық статистикалық бюросымен бірлескен жұмыс шеңберінде Қазақстанның 70 қаласының азаматтары бір мезгілде 1414 қызметінен ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар алады.

"Ауыл шаруашылығы санағы 1-31 тамыз аралығында арнайы интернет-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен, ал 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Апта талқысында: