Мәзір
22 мамыр, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

«Жігіт емес, шакалсың»: Қаржаубай Нұрымовтың сотталушымен беттестіру сәті көрсетілді

Талдықорғандағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы қылмыстық іс материалдарын қарап жатыр. Сотта 2024 жылдың 16 қазанында болған жәбірленуші Нұрымов Қаржаубай мен күдікті Равиль Сәкиевтің беттестіруі жарияланды, ддеп хабарлайды buginmedia.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

"Жігіт емес, шакалсың": Қаржаубай Нұрымовтың сотталушымен беттестіру сәті көрсетілді "Жігіт емес, шакалсың": Қаржаубай Нұрымовтың сотталушымен беттестіру сәті көрсетілді
Фото: видеодан алынды

Соттың бұл кезеңінде тараптар тергеу барысында жиналған бейнежазбаларды, жазбаша құжаттарды және басқа да деректерді саралайды. 2024 жылдың 16 қазанында болған жәбірленуші Қаржаубай Нұрымов пен күдікті Равиль Сәкиев арасындағы беттестіруде Нұрымов Сәкиевке баласы Шерзатқа пышақ тығылғанын көріп тұрып, оны ары қарай аяусыз ұрған, әрі Ғайыпбаевты да пышақтаған осы Сәкиев деп айтқан еді. Беттестіруде Сәкиев кешірім сұрай бастағанда Қаржаубай: «сен менен кешірім сұрама» деп айтты.

«Пышақталған баланы мыналар теуіп тұрып өлтірді. Әйтпесе, балам тірі еді, пышақ сұғылса да дем алып, сөйлеп жатыр еді. Артынан барып інімді де пышақтаған осы. Кешірім сұрама менен, сен жігіт емессің, сен шакалсың, Нұрғанатты пышақтаған сен», – деп айтты Нұрымов.

Ал Сәкиев, Ғайыпбаевты пышақтамағанын тек бөтелкемен ұрып, аяқпен тепкенін ғана мойындады.

«Мойындаймын, мен жігіттермен жабылып Нұрғанатты үш рет тептім. Бірақ, мен пышақтамадым», –  дейді Сәкиев.

Айта кетейік, кешегі сот отырысында күдікті Абзал Шынасыл Ғайыпбаевтың санына пышақ сұққанын мойындаған болатын. 

Сонымен қатар, бүгін сотта судья күдіктілердің бейнежазбасының желіде тарап кетуіне кім кінәлі екенін айтты. Сонымен қатар күні кеше үзіліс кезінде «келісіп қойдық» деген сөз жазылған диалогқа қатысты қаулы шығарды.

Апта талқысында: