Бүгін сотта Шынасыл Абзал Шерзатты кім пышақтағанын білмейтінін мәлімдеп, бұрынғы жауабынан бас тартты.
«Шерзатпен бірге Нұрқанат қаша бастады, алайда Шерзат құлап қалды. Сол кезде мен оны ұрып-тептім, сосын Нұрқанатқа үш рет пышақ салдым. Бұны мойындаймын», - деді сотталушы.
Шынасыл Шерзатты өлтірдім деп басқа күдіктілермен келіскендіктен айтқанын мәлімдеді.
«Полицияда Шерзатқа пышақ салдым деп айтуға мәжбүрледі. Бізді алып бара жатқанда мен Шерзатты, Шыңғыс Нұрқанатты мойнына алуға келістік. Мен мойындаған жағдайда жаза жеңілірек болады деп ойладым», - деді ол.
Осыған қатысты прокурор Шынасыл Абзалдан «неге дәл Белғожаевпен келістіңіздер?» деп сұрады.
«Белғожаевтың қолында бәкі болғаннан кейін», - деп жауап берді ол.
«Яғни, Шерзат Полатқа пышақ салғаныңызды жоққа шығарасыз ба?», - деді прокурор.
-Иә, - деді Шынасыл Абзал.
-Онда оған кім пышақ салды?, - деді прокурор.
«Білмеймін, айта алмаймын, арамыздағы біреу деп ойлаймын», - деді Шынасыл Абзал.