Оның айтуынша, соңғы 5 жылда Қазақстанда гранттар саны 1,4 есеге өсіп, 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінген.
«Бұдан басқа 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі. Бакалавриат үшін стипендия 52 372 теңге, магистратурада 117 098 теңге, докторанттар үшін 262 500 теңге болады. Яғни, осы жылы бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады", - деді вице-министр.