Мәзір
21 қазан, 2024 / BuginMedia / Аймақ

26 қытайлық Қазақстан аумағынан шығарылды

Жамбыл облысында көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған 26 Қытай азаматына қатысты сот үкімі шықты,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

26 қытайлық Қазақстан аумағынан шығарылды 26 қытайлық Қазақстан аумағынан шығарылды
Фото: Көліктегі полиция департаменті

Бұл туралы Жамбыл облысының Сарысу аудандық соты хабарлады.

«2024 жылы қыркүйек айында Қытай азаматтары тиісті рұқсатты алмай, салынып жатқан зауыттың аумағында жұмыс істеген. Сотта құқық бұзушылар кінәларын мойындамай, бірі турист ретінде келгенін, ал бірі жұмыс іздеу мақсатында келгенін айтып көрсеткен. ҚР рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асыру фактісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, сондай-ақ іс бойынша жиналған материалдарымен расталды», - делінген хабарламада.

Сот қаулыларымен қытайлықтар кінәлі деп танылып, олар Қазақстан аумағынан шығарылды.

Апта талқысында: