Мәзір
18 мамыр, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Шарм-эш-Шейх әуежайындағы қайғылы оқиғаға қатысты соңғы деректер жарияланды

Мысырдың Азаматтық авиация министрлігі Шарм-эш-Шейх халықаралық әуежайында болған оқиғаға ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Buginmedia.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

Шарм-эш-Шейх әуежайындағы қайғылы оқиғаға қатысты соңғы деректер жарияланды Шарм-эш-Шейх әуежайындағы қайғылы оқиғаға қатысты соңғы деректер жарияланды
Фото: Gary John Norman/Getty Images

Оқиға қалай болды ?

Оқиға былай болған: Шарм-эш-Шейх халықаралық әуежайының №2 ұшу залында Al-Ahram Advertising Agency жарнама агенттігіне тиесілі жарнамалық тақтайша кенет құлап түскен. Оқиға салдарынан Астанаға ұшатын SCAT Airlines әуе компаниясының DV 2570 рейсін күтіп отырған үш жолаушы — Қазақстан Республикасының азаматтары (үшеуі де әйел адам – ред.) жарақат алды. Оқиға орнына шұғыл түрде құтқарушылар келіп, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Зардап шеккендер мен марқұмның отбасына қандай көмек көрсетілді?

Барлық зардап шеккен адамдарға жедел түрде медициналық көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, әйелдердің бірі алған жарақатынан Шарм-эш-Шейх халықаралық ауруханасында қайтыс болды. Қалған екі жолаушы ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы тұрақты қалыпты.

Зардап шеккен әйелдің бірі мен оның қызына қонақүйден бөлме берілді, толық логистикалық қолдау көрсетілді. Қаза тапқан әйелдің ұлы да жатын орынмен қамтамасыз етілді. Қазақстан Елшілігімен барлық қажетті консулдық, құқықтық және гуманитарлық көмектер көрсету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Тергеу жүргізіліп жатыр ма?

Оқиға туралы ақпарат бірден прокуратура органдарына жолданды. Ресми түрде қылмыстық тергеу басталды. Әуежай әкімшілігі мен жарнама агенттігінің өкілдері жан-жақты және ашық тергеу жүруі үшін құқық қорғау органдарымен ынтымақтаса іске атсалысып жатыр.

Жауапты тұлғалар анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

Министрлік сондай-ақ, тергеу амалдары жалғасып жатқандықтан, бейнебақылау камераларындағы жазбалар немесе ресми визуалды құжаттар тек тергеу органдарының шешімімен ғана жария етілуі мүмкін екенін атап өтті. Рұқсат алынған жағдайда, материалдар заңда белгіленген рәсімдерге және мүдделі тараптармен келісім бойынша БАҚ-қа беріледі.

Апта талқысында: