Өнер иесі кемеде түсірілім кезінде құлап қалған.
Дариға Бадықова басынан өткен оқыс оқиға туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. Актриса кемеде құлап, аяғын көгертіп алған. Ол оқырмандарына оқыс оқиғадан кейін түсірілген видеоны көрсетті.
"Катердан екі аяғым екі жаққа кетіп, құладым. Шпагат болды. Аяқ көкала қой болды. Жұрт үйлендіріп, өсек айтып жатса, біз құлап, саундтрек түсіріп жүрміз. Ютубтан клипты көріңіздер! Ол жерде бәрі әдемі болып тұр", - деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары оқыс оқиғадан кейінгі Бадықованың әрекетін қызу талқылады. Кейбір оқырмандар күлкісін тия алмаған актрисаны сынға алған.
"Не деген ерсі күлкі?!", "Шынайы күлетініңіз ұнайды", “Елдің алдында жүрген соң бұлай күлуге болмас", "Аяғын оңбай жарақаттап алды-ау", "Осы кісінің күлкісі бір қызық", "Аяғын ауыртқан адам осылай күле ме екен", - деп жазды көпшілік.