Сотталушылардың бірі Дархан Әскентайдан жауап алынды. Жауап алу барысында қайғылы оқиға болған түні куәгерлер түсіріп алған видео көрсетілді.
Видеода марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев "жедел жәрдем шақырыңдар" деп бірнеше рет айғайлап, ал Шерзаттың анасы қасында жан дауысымен "қой дедім ғой" деп айғайлап жатады.
Видеодан күдіктілердің бірі Шерзатты не Нұрқанатты дубинкаға я мылтыққа ұқсас затпен ұрып жатқанын байқауға болады.
Сонымен қатар, прокурордың сөзінше, сол сәтте айыпталушы Белқожаев жерде жатқан Шерзатты теуіп кетеді.
"Осы сәтте Белқожаев, Шынасыл, Ильясов және Сәкиев Ғайыпбаевты бөлек, сол жаққа қарай сүйреп алып кеткен. Шынасыл мен Сәкиев пышақ жарақаттарын келтірген. Бұл құжаттармен анықталды", - дейді прокурор.