Мәзір
27 наурыз, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

«Мойнынан қан фонтан болып атқылады»: Құлсарыда ер адам бұрынғы әйелін бауыздап өлтірді

Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында ер адам бұрынғы әйелін асқан қатыгездікпен өлтірді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Мойнынан қан фонтан болып атқылады»: Құлсарыда ер адам бұрынғы әйелін бауыздап өлтірді «Мойнынан қан фонтан болып атқылады»: Құлсарыда ер адам бұрынғы әйелін бауыздап өлтірді
Фото: polisia.kz

Atyrau Online Telegram каналының мәліметінше, оқиға жергілікті ауруханалардың бірінде болған. Ер адамның экс-әйелі мұнда адвокат болып жұмыс істейді.

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаған адам – Шоқпартоғай ауылының тұрғыны. Қылмыс жасап, қашып кетпек болған, бірақ оны аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру кезіндеұстаған.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары қылмыстың себептерін, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Марқұмның артында екі баласы қалды.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға 27 наурыз күні түскі уақытта әйел адам кабинетінде жалғыз қалған кезде болған. Кенеттен оның бұрынғы күйеуі кіріп келіп, оған пышақпен шабуыл жасаған.

«Ол құтқаруын өтініп, айқайлады... Қызметкерлердің бірі оны қанға боялып жатқан кезде ғана көрген. Оның мойынынан фонтан болып қан атқылап жатты», - деп жазды аталмыш басылым.

Оқиға орнына дәрігерлер мен полицейлер дереу жеткен, бірақ олар құтқара алмаған, әйел адам алған жарақатынан қайтыс болды.

Апта талқысында: