Мәзір
19 наурыз, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Қарағандыда 60 жастағы еркек алты жастағы балалармен жыныстық қатынасқа түскен

Қарағандыда алты жастағы балалармен жыныстық қатынасқа түскен 60 жастағы күдікті ұсталды. Ол өзінің азғын әрекетін бейнетаспаға жазып отырған. Күдікті ойнас үшін кезекті баланы сатып алып жатқан жерінде қолға түсті, деп хабарлайды buginmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Қарағандыда 60 жастағы еркек алты жастағы балалармен жыныстық қатынасқа түскен Қарағандыда 60 жастағы еркек алты жастағы балалармен жыныстық қатынасқа түскен
Фото: gov.kz

Қаршадай баласын азғынның қолына бергені үшін аналары ақша алған. Күдікті порнография ролик түсіру мақсатында балалардың шешесімен келісім жасаған.

Азғынға алты жастағы балаларын берген аналарға қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Бауыр еті баласын сатқан екі келіншек те жезөкшелер екен.
 

Апта талқысында: