Итаев әлеуметтік желідегі парақшасында бұл шараға ерекше жауапкершілікпен барғанын жазды. Ол Алишермен 6-7 жылдан бері бірге жұмыс істейтінін айтып, оны жақын інісі санайтынын жеткізді.
Блогер балаларға денсаулық, бақыт және ұзақ ғұмыр тіледі.
Жазба көпшілік назарына түсіп, бірнеше сағат ішінде 6 мыңнан астам лайк пен 60-тан аса пікір жинаған. Пікір қалдырғандардың бірі балалардың болашақта «әйелдері көп болатынын» әзілмен жазған.