Мәзір
28 ақпан, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Ақтөбе облысында шахтадағы апат: бір кенші ауыр халде жансақтау бөліміне түсті

28 ақпанда Ақтөбе облысындағы Eurasian Resources Group (ERG) «Қазхром» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында бұрғылау жұмысы кезіндегі жарылыста зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақтөбе облысында шахтадағы апат: бір кенші ауыр халде жансақтау бөліміне түсті Ақтөбе облысында шахтадағы апат: бір кенші ауыр халде жансақтау бөліміне түсті
Фото: istockphoto.com

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

«Оқиға салдарынан төрт жұмысшы аудандық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің екеуі травмотология бөліміне жатқызылды, біреуі үйіне жіберілді, біреуі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Айта кетейік, осыған дейін шахтада жарылыс болып, 4 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Апта талқысында: