Мәзір
Бүгін, 17:10 / BuginMedia / Жаңалықтар

KAZ Minerals компаниясына тиесілі шахтада алты кенші зардап шекті

Абай облысындағы KAZ Minerals компаниясына тиесілі Орлов шахтасында алты кенші ауырып, дәрігер көмегіне жүгінген, деп хабарлайды buginmedia.kz.

KAZ Minerals компаниясына тиесілі шахтада алты кенші зардап шекті KAZ Minerals компаниясына тиесілі шахтада алты кенші зардап шекті
Фото Shutterstock

KAZ Minerals компаниясының мәліметінше, оқиға 1 шілде күні кешке шахта көтергіші қозғалыс кезінде болған.

"Көтергіштің күрт тоқтауы салдарынан Орлов шахтасының алты қызметкері медициналық көмекке жүгінді. Үшеуіне жеңіл дәрежедегі соғылу жарақаты диагнозы қойылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық емге жіберілді. Қалған үш жұмысшы Семей қаласындағы ауруханада қосымша тексеруден өтіп, оларға да жеңіл дәрежедегі соғылу жарақаты диагнозы қойылды", – деп хабарлады компания.

Соңғы бірнеше айда KAZ Minerals компаниясының өндірістік нысандарында бірқатар ауыр оқиғалар тіркелді.

Мамыр айының соңында Артемьев шахтасында тау жынысы опырылып, бір кенші қаза болды.

Бұған дейін, бірнеше апта бұрын, сол кәсіпорында жөндеу жұмыстары кезінде желдету қызметінің механигі биіктіктен құлап кеткен.

Сәуір айының соңында Орлов шахтасында да қайғылы жағдай орын алған: тау жынысы құлап, бір жұмысшы қаза тауып, тағы бірі жарақат алған.

Наурыз айында өндірістік нысандардың бірінде екі қызметкер зиянды газдан уланып, олардың бірі көз жұмған.

Ал 2024 жылдың күзінде «Иртышская» және «Артемьевская» шахталарында болған апаттар кезінде тағы бес адам қаза тапты.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2