Мәзір
Бүгін, 14:28 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ақтөбедегі қайғылы өрт: әйелі мен екі баласынан айырылған ер адамның жағдайы белгілі болды

Ақтөбеде газ құю бекетінде болған жантүршігерлік өрттен аман қалған ер адам бір айдан бері ауруханада ем қабылдап жатыр. Қайғылы оқиға салдарынан ол әйелі мен екі баласынан айырылған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақтөбедегі қайғылы өрт: әйелі мен екі баласынан айырылған ер адамның жағдайы белгілі болды Ақтөбедегі қайғылы өрт: әйелі мен екі баласынан айырылған ер адамның жағдайы белгілі болды
Фото: видеодан алынды

Қазіргі таңда 54 жастағы науқас Ақтөбе қаласының №1 көпсалалы ауруханасында емделіп жатыр. Өрт кезінде оның денесінің шамамен жартысын күйік шалған.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастың қазіргі жағдайы тұрақты.

– Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, гемодинамикалық көрсеткіштері қалыпты. Пациент бейінді бөлімшеде қажетті ем қабылдап жатыр. Бет және аяқ-қолдарындағы күйік жаралары жазылып келеді. Емдеу жоспарына сәйкес, алдағы уақытта кеуде қуысының күйік жараларына аутодермопластика жасау жоспарланған, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, 19 маусымда Ақтөбедегі газ құю бекетінде тұрған автокөлік өртеніп, салдарынан үш адам қаза тапты. Қаза болғандардың екеуі кәмелетке толмаған балалар болған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2