Мәзір
28 ақпан, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ақтөбеде ауладан кішкентай баланың мәйіті табылды

Бүгін сағат 7:30 шамасында Ақтөбе қаласы Маресьев көшесіндегі үйдің ауласынан кәмелетке толмағанның мәйіті табылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақтөбеде ауладан кішкентай баланың мәйіті табылды Ақтөбеде ауладан кішкентай баланың мәйіті табылды
Фото: gov.kz

"Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы мәйітте зорлықпен өлтіру белгілері жоқ екенін анықтады. Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық ветеринария басқарасының басшысы Айбек Сембайдың айтуынша, ит қапты деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Қазіргі кезде тексеру жүріп жатыр. Баланың денесінде қандай да бір із, тістің басқан белгісі жоқ", - деді Айбек Сембай.

Полиция да иттің қапқанын жоққа шығарды. Киімінде еш із болмаған.

Апта талқысында: