Мәзір
22 ақпан, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Қостанай облысында кәсіпкерден 15 млн теңге бопсалаған блогер ұсталды

Қостанай облысының Қарабалық ауылында кәсіпкерден ірі көлемде ақша талап еткен блогер ұсталды, деп хабарлайды buginmedia.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында кәсіпкерден 15 млн теңге бопсалаған блогер ұсталды Қостанай облысында кәсіпкерден 15 млн теңге бопсалаған блогер ұсталды
Фото: istockphoto.com

«Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті әлеуметтік желі арқылы кәсіпкерді бопсалап, оған қатысты компромат жариялаймын деп қорқытқан. Ақша талап ету барысында полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция жүргізіп, оны қолма-қол 15 миллион теңге алып жатқан жерінен ұстаған», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Апта талқысында: