Қылмыс болғалы қырық күн өтсе де, ешкім ұсталған жоқ дейді жәбірленушінің анасы. Сондықтан полицейлердің жұмысына көңілі толмаған ана облыстық прокуратураға арыз жазған. Ал зәбір көрген жасөспірімнің жүйкесі сыр беріп, ашуланшақ болып кеткен көрінеді.
"Кінәлі адамды тауып берсе, қарапайым халықтан көмек сұраймын. Өтініп сұраймын. Маған психиатр сарапшы керек, баламның өзінен сұраса. Шын болған, анық болған затты баламның өзінен естісе. Ол кісі баламды зорлап, айқайлай бердім, көмек сұрағым келді. Мамама айтып берем дедім. «Әйелім жоқ, бала-шағам жоқ, енді сізді зорлаудан басқа амалым жоқ» деді. «Бір адам болды» дейді. Жас шамасын айта алмайды. Сақалы бар деген. Кастюм-шалбар киген, ақ джип машинада деген", - дейді жәбірленушінің анасы Оразгүл Қонысова.
Оқиға былтыр 27 желтоқсанда болған. Аялдама досын күтіп тұрған мүгедек баланы белгісіз біреу көлікке отырғызып алып кеткен. Кейін қаладан шалғай жердегі теңіз жағасына апарып, көлік ішінде арам пиғылын жүзеге асырыпты. Тіпті зорланған баланы сонда қалдырып кеткен. Ес-түсін жоғалтып алған жасөспірім жолдан такси ұстап, үйіне әрең жеткен. Сол күні полиция бөлімшесіне ұлын ертіп барған ананың арызы қабылданбапты. Екі күн өткен соң проктолог дәрігерлер «сараптама жасауға кеш қалдыңыздар» деп шығарып салған. Содан бері 40 күн өтсе де, күдікті әлі белгісіз. Алайда Облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатқанын жеткізді. Тіпті бақылау камераларын қарап, сараптама тағайындадық дейді.
"ҚР ҚК 121-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды, бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынып, зерттеліп жатыр", - дейді Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.