Мәзір
11 ақпан, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Астанадағы лифттегі оқиға: қаскөй тағы бір қызға шабуыл жасаған

Астанадағы балаға шабуыл жасаған жасөспірім тағы бір қызға тиіспек болған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Астанадағы лифттегі оқиға: қаскөй тағы бір қызға шабуыл жасаған Астанадағы лифттегі оқиға: қаскөй тағы бір қызға шабуыл жасаған
Фото. fcrso.ru

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифтте 5 жасар баланың бетіне пышақ жарақатын салған жасөспірімнің тағы бір видеоға түскені анықталды.

Желіде тараған бейнежазбада сол жасөспірімнің лифт есігінің жабылуына кедергі келтіріп, бір қызды жібермей тұрғаны көрінеді. Кейін ол пышағын шығарады, алайда белгісіз бір себеппен райынан қайтып, қыз аман қалады.

Ал бетінде көптеген кесілген жарақаттар алған 5 жасар бала №2 көпбейінді балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылды. Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер сәбиге шұғыл ота жасап, қан кетуді тоқтатқан.

Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты, алайда алған жарақаттарының ауырлығына байланысты ауыр деп бағалануда.

Айта кетейік, бұған дейні лифт ішінде пышақпен балаға шабуыл жасаған адам – психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған жасөспірім екені анықталды.

Апта талқысында: