Мәзір
11 ақпан, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Бандиттерден бір сөмке ақша мен су жаңа көлік алған судья күтпеген жайтқа тап болды

Заңгер Ләззат Рақышева қызық бір оқиғаны баяндап, оқырмандарына ой тастады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бандиттерден бір сөмке ақша мен су жаңа көлік алған судья күтпеген жайтқа тап болды Бандиттерден бір сөмке ақша мен су жаңа көлік алған судья күтпеген жайтқа тап болды
Фото: istockphoto.com

"Жолсапарда жүргенде талай адаммен танысып, көптеген оқиғаны естіп жатамыз. Бұл жолы да таксист замандасыммен әңгімелесе отырып, қызықты бір жайтты білдім.

Бұл таксист жігіт сонау 1993 жылы бір жарым жыл бойы бір судьяны жұмысына тасыған екен. Екеуі күнде көріскен соң тіл табысып, жақын жандардай болып кеткен.

Бір күні судья бір мекенжайды айтып, таксистке сыртта күте тұруды өтінген. «Егер мен 15 минуттан соң шықпасам, демек бірдеңеге ұрындым деген сөз» деп айтып кетіпті. Әлгі таксист әрі күтіп, бері күтіп, судья шықпаған соң артынан кірген. Кірсе, судья бір топ еркектің ортасында отыр екен. Әлгілердің түрлері қорқынышты, арақты сіміріп отыр екен. Түрлерінен бандит екендері көрініп тұр. Әңгімелерінен ұққаны, олар сотталғалы жатқан сыбайластарын шығарып бер деп судьяны қыстап жатыр екен. Егер көмектеспесе, бала-шағасының, отбасының көзін құртамыз деп қорқытып қояды. Ал егер қол ұшын берсе, ақысына бір сөмке ақша мен су жаңа машина сыйламақшы екен. Судья ертеңге дейін ойланатын болып, ғимараттан таксист екеуі бірге шығып кетеді.
Машинаға отырған кезде судья еңкілдеп жылапты. «Енді қайттім? Олар отбасыммен қорқытып отыр, бұл жай сөз емес. Олар ештеңеден тайынбайды» деп уайымға батқан.

Келесі күні судьяның үйінің алдына жаңа машина айдап әкеліп, өзіне бір сөмке ақша табыстаған екен.

Бандиттердің сыбайласын түпкілікті ақтап шықпағанмен, аз ғана уақытқа соттапты. Ал судьяның өзі ар-ұяты маза бермеді ме, көп ұзамай инсульт алып ауруханаға түсіпті. Сол кезде тепсе темір үзетін қырықтан асқан жігіт екен. Ал қазір ше? Бостандықтың құнын қылмыскерлер қаншаға бағалап жатыр екен?", - деп жазған заңгер.

Апта талқысында: