Мәзір
11 ақпан, 2025 / BuginMedia / Білім

Енді Қазақстанның техникалық колледждері балаларды тегін оқытады

2025 жылдан бастап Қазақстандағы барлық кәсіптік-техникалық колледждер сұранысқа ие маман иелерін тегін оқытады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Енді Қазақстанның техникалық колледждері балаларды тегін оқытады Енді Қазақстанның техникалық колледждері балаларды тегін оқытады
Фото: istockphoto.com

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, дәл қазір елімізде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 772 колледж жұмыс істейді, ол колледждерде 565 мың студент оқиды. Еңбек нарығын сұранысқа ие мамандармен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет 9-сыныптан кейін оқуға түсетін балаларға тегін білім беруді көздеп отыр.

«Биыл сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім беру бойынша тегін оқумен қамтылатын студенттер саны 153 мыңды құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 мың орынға артты. Мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық мамандықтарға, оның ішінде машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және басқа да салаларға бағытталады», - деп хабарлайды министрлік.

Апта талқысында: