Мәзір
6 ақпан, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Қазақстанда тегін жерді қалай алуға болады?

Қазақстанда жеке тұрғын үй құрылысына арналған тегін 10 сотық жерлер әлі де беріліп жатыр. Рас, тегін жерді көп күту керек, көптеген адам жылдар бойы кезекте тұр, бірақ жер беріледі, деп хабарлайды buginmedia.kz Digital Business сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанда тегін жерді қалай алуға болады? Қазақстанда тегін жерді қалай алуға болады?
Фото: azh.kz

Қазақстанда жеке тұрғын үй құрылысына арналған жерді алу үшін 4 миллион адам кезекте тұр, бірақ жыл сайын аздаған учаске ғана беріледі. Ал кейбір өңірлерде бос жатқан жерлер әлі жоқ. 

МЕМЛЕКЕТ ҚАЙ УЧАСКЕЛЕРДІ ТЕГІН БЕРЕДІ

Жер учаскелерін алу құқығын ҚР Жер кодексі береді. Жер Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке онда салынған тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін тегін беріледі.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін билік 0,10 гектар немесе 10 сотық жер береді. Бағбандар мен жазғы тұрғындар 0,12 гектар, ал ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетіндер суарылмайтын жерлерде 0,25 гектар және суармалы жерлерде 0,15 гектар жер ала алады.

Заң бойынша жер учаскесін тек бір рет тегін алуға болады.

КЕЗЕККЕ ҚАЛАЙ ТҰРУ КЕРЕК

1. eGov.kz порталында ЭЦҚ көмегімен тіркелу

2. "Жылжымайтын мүлік" айдарында ("жер қатынастары" бөлімі) "жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін қарау немесе кезекке қою (10 сотық)" тармағын табыңыз

3. Қызметке онлайн тапсырыс беру

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША АДАМ ТЕГІН ЖЕР АЛЫП ҮЛГЕРГЕН

2024 жылы шенеуніктер жер кезегінде 4 миллионға жуық адам тұрғанын хабарлады. Бұл таңғалатын жайт емес, себебі кезек өте “асықпай келеді”, мысалы, 2024 жылы тек 24116 учаске беруге уәде берілді.

Кейбір аймақтарда бос жерлер мүлдем жоқ, мысалы, Астанада немесе Алматыда тегін жер аламын деп “армандаудың” қажеті жоқ. 

Алматы облысы да сұранысқа ие болғанымен онда да бос жатқан жерлер жоқ. Ұлытау облысынан тегін жер алғысы келетін адамдар аз – өңірден жер алып қалуға 19 250 кезекте тұр. 

Апта талқысында: