Мәзір
24 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

«Бес жігіттен қашып 5-қабаттан секіріп кеткен»: мәйітханада дәрігер болған қыздың алдына олар өлі күйінде түскен

Заңгер Ләззат Рақышева өзіне келген кезекті хатты жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Бес жігіттен қашып 5-қабаттан секіріп кеткен": мәйітханада дәрігер болған қыздың алдына олар өлі күйінде түскен "Бес жігіттен қашып 5-қабаттан секіріп кеткен": мәйітханада дәрігер болған қыздың алдына олар өлі күйінде түскен
Фото: istockphoto.com

"Қайырлы күн, Лаззат ханым! Бибігүл Иманғазина апайдың басынан өткен тағдырын салған екенсіз!. Соған орай, бір оқиға есіме түсіп отыр.Бұл баяғы “лихие 90-ые” деп аталатын жылдарда болған. Сол жылы біз медучилищені бітірген кезіміз. Менің группамда староста қыз болды. Өзі әдемі, әдепті, тап-тұйнақтай, кісімен сыласқаны керемет (коммуникативные навыкиі күшті тұғын) Бәріміз ол қыз бірдеңе айтса, бұлжытпай орындайтынбыз. Өзі сән қой. Бәрі оған, не кисе де жарасымды еді. Көп балалы отбасынан шыққан, үйінің қателеспесем 9-10 шы кенже қызы.
Сол жылы басқа қалаға мединститутқа түсті. Енді “кетем,жол жүрем” деп отырғанда, кешке көрші қыз “бір жерге барып, зат алып келейік, маған еріп жүр” дейді ғой. Ата анасы жаңа ғана құран оқытып, қонақтарын шығарып салып, тамыз айының ортасынан асқан кез. Қолы бос қыз, көрші қызға еріп, көпқабатты үйдің 5 қабатына барады. Көрші қыз пәтерге кіріп, бір жігітпен бөлмеге кіріп кетеді. Бұған “күте тұр, қазір шығам” дейді.

Бұл ештеңеден хабары жоқ, ауызда күтіп қалады. Сөйткенше, келесі бөлмеден 5-6 ма, одан көп пе, ішкені немесе шеккені белгісіз жігіттер бұны бас салады. Бұл барынша қарсыласып, алысып, берілмей, ақыры 5 қабаттан секіріп кетеді. Ол кездері ұзын көйлек, етегі кең сатин көлек сәнге айналған. Құдайдың құдыретімен, сол көйлек, төмендегі талдарға ілініп, қыз тірі қалған. 20 күндей комада жатып, әрең есін жиған. Мен ол оқиғаны қараша айында болу керек, кеш естідім. Артынан ауруханаға барсам, баяғы сұлулықтан түк қалмаған. Беті жырым-жырым. Еріні жыртылған. Тісінің бәрі опырылған ( ана айуандар ұрып тісінен тіс қалдырмаған) Сау сүйегі жоқ. Бәрі гипс, аяқтарын асып, тартып қойған. Қасында қарт анасы отыр екен.

Кейін бәріміз жан-жаққа кетіп, хабарымыз үзіліп қалды. Сыртынан естідім, ақыры мединститутты бітіріп, дәрігер мамандығын алып, тұрмыс құрып кетіпті.

Былтыр 30 жылдық кездесу болып, табыстық. Баяғы сәнқой қалпына келген. Өзін жақсы күтетіні көрініп тұрды. Тек аяғын сылтып басып қалыпты. Сол қалада сот-медэкперт дәрігер екен. Бірінші күйеуінен екі ұлы азамат болып өсіпті. Екінші некеден қызы бар екен. Ана айуандардың ешқайсысы тиісті жазасын алмапты. Бір дөкейлердің балалары көрінеді. "Олардың кім екенін, кімнің балалары екенін білемін" деді. Бірақ, "түк те істей алмадық" деді. Қыз субмедэксперт врач деп ем ғой. "Сол жексұрындардың 2-3-уі алдыма келді" деді. Өз ажалдарымен өліп, моргкке, осы қыздың алдына келген. Ал, енді көрші қызға келсек, "бұзылған қыз" екенін білмеген.Өмір бойы көрші болған,"сұйық жүрісті" екенін ешкім білмеген. Ол қыздың ағасы "криминальный авторитет" екен. Бір түнде қарындасын үлкен еркекке күйеуге беріп, артын жым-жылас қылған екен. "Көрші қызды да ешқандай жазаға тарта алмадық" деді. Бибігүл Иманғазина апаймен тағдырлас группаласымның осы бір сынаққа мойымай, "өмір" атты өзенге құлаштай жүзіп, берілмегеніне қатты қуандым", - деп жазған хат иесі.

Апта талқысында: