Мәзір
23 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматыда ақша бопсалаған екі блогер қылмыс үстінде ұсталды

Алматылық полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді қамауға алды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алматыда ақша бопсалаған екі блогер қылмыс үстінде ұсталды Алматыда ақша бопсалаған екі блогер қылмыс үстінде ұсталды
фото: Halyq Uni


Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоқы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған.

Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған.

Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды.

ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Апта талқысында: