Мәзір
23 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

СҚО-да бес баласымен жалғызбасты әке тұрған үй өртеніп кетті

Солтүстік Қазақстан облысы Ступинка ауылында болған өрттен үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

СҚО-да бес баласымен жалғызбасты әке тұрған үй өртеніп кетті СҚО-да бес баласымен жалғызбасты әке тұрған үй өртеніп кетті
Фото: СҚО ТЖД

Бұл туралы СҚО төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Өрт болған үйде ер адам төрт баласымен тұрған. Әйелі бірнеше жыл бұрын көз жұмған. 

Шал ақын ауданы әкімдігінің мәліметінше, үй иесі 1984 жылы туған ер адам, жергілікті шаруашылықтардың бірінде жұмыс істеген. Тұңғышы 18 жастағы қыз бала, мектепте вахтер болған. Одан бөлек үйде 6, 5 және 2 сыныптарда оқитын ұл-қыздары тұрған. 

Ал 16 жастағы ұлы Петропавлда оқып жатыр. Оқиға кезінде ол үйде болмады. 

Отбасы тұрмысы нашар ретінде де, басқа да ешқандай тіркеуге алынбаған. 

Апта талқысында: