Мәзір
21 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Астанада 19 жастағы жігіт атыс клубында өзін-өзі атып тастады

Жас жігіттің өзін атып тастағаны жайлы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Астанада 19 жастағы жігіт атыс клубында өзін-өзі атып тастады Астанада 19 жастағы жігіт атыс клубында өзін-өзі атып тастады
Фото: istockphoto.com

Атыс клубында тұрақты клиенттердің бірі болған жігіт tanfoglio limited custom маркалы тапаншамен жаттығып жүрген.

Ол бірнеше рет нысанаға оқ жаудырып, кейін кенеттен қаруын басына бағыттап, өзін-өзі атып тастаған.

Полиция бұл деректі растап отыр.  

«Елорданың 19 жастағы тұрғынының мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады елордалық полиция департаменті.

Апта талқысында: