Мәзір
19 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Атыраудағы балабақшада тәрбиешінің баланы тепкені видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желілерде тәрбиешінің баланы тепкен сәті түсірілген бейнежазба тараған болатын. Кейін белгілі болғандай, оқиға «Зейнеп-Амина» жеке меншік балабақшасында болған, деп хабарлайды buginmedia.kz AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Атыраудағы балабақшада тәрбиешінің баланы тепкені видеоға түсіп қалды Атыраудағы балабақшада тәрбиешінің баланы тепкені видеоға түсіп қалды
Фото: видеодан алынды

Балабақша басшылығының айтуынша, құқық бұзушылық анықталғаннан кейін тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес дереу жұмыстан шығарылған.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатқанын айта кеткен жөн.

Апта талқысында: