Ұлттық банктің 17 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 529,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,16 теңге. Еуро — 544,64.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 529,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 532,3 теңге. Еуро 544 — 549 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 531,5 теңге, сатып алу құны — 533 теңге. Еуро 544,5 теңгеден сатылып, 548,3 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,09 - 5,18 аралығында саудаланып жатыр.
https://kaz.inform.kz/news/aksha-ayirbastau-orindarinda-dollar-kansha-tengeden-saudalanip-zhatir-8b6a95/