Мәзір
16 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Көршісі арыз жазған: Өскеменде көлігін 5 минуттан көп қыздырған үш адамға айыппұл салынды

Өскемен қаласының тұрғыны көлігін 5 минуттан көп қыздырған үш адамға полицияға арызданып, айыппұл салдырған, 

Көршісі арыз жазған: Өскеменде көлігін 5 минуттан көп қыздырған үш адамға айыппұл салынды Көршісі арыз жазған: Өскеменде көлігін 5 минуттан көп қыздырған үш адамға айыппұл салынды
Фото: pexels.com

Облыстық полицияның хабарлауынша, 102 арнасына бір азамат хабарласып, бірден үш арыз түсірген. Ведомство полиция қызметкерлері заңды осылай бұзғандарға жаппай айыппұл салу мақсаты жоқтығын хабарлайды.

"Автокөлікті ұзақ қыздырғандарға әкімшілік хаттама тек азаматтардың арыз-шағымы түскен кезде ғана толтырылады. Сондай-ақ заңның бұзылғаны турасында дәлелдер (фото, видео) болуы керек", — деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Қазақстанда тұрғын аймақтарда қозғалтқышы қосылып тұрған көлікті қоюға тыйым салынған. Қозғалтқышы қосулы көлікті 5 минуттан артық тұраққа қойғаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған, ал қайталанған жағдайда – 10 АЕК (39 320 теңге).

Апта талқысында: