Оның негізгі мақсаты – қоғамдық мін тағумен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру.
Тізілімде ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер болады. Олар оған соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі негізінде енгізіледі. Ал ақтау үкімінің заңды күшіне енуі және соттылығының жойылуы негізінде алынып тасталады.
Тізілімді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді және ведомствоның веб-сайтында жалпыға қолжетімді болады.
«Жалпы сыбайлас жемқорлыққа жауапкершілікті қатаңдату керек. Азаматтар сыбайлас жемқорлыққа барса, одан құтыла алмайтынын түсінуі керек. Қалай болса да, жауапкершілік болады. Екіншіден, оның жауапкешілігі өте қатал болады.Үшіншіден, одан құтылып кете алмайды дегендей. Оған бармайтындай, оны болдырмайтындай цифрландыру, рәсімдерді жеңілдету, проактивті форматта өткізу және т.б. шешімдерді қабылдауымыз керек. Біз көп түзетулерді бердік, осы түзетулер бойынша жұмыс тобы щеңберінде үлкен пікірталастар өткізіліп жатыр. Жемқорлардың тізімі жарияланады, пара бергендердің жауапкершілігі болады, уәде бергендер де заңға тартылады.Негізі өте көп ұсыныс, норма бар. Біз оларды кешенді қарауымыз керек», - дейді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.