Толығырақ
Қазақстанда тіркелген жеті партия да Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну туралы құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына тапсырды. Құжат қабылдау бүгін 13 шілде күні сағат 18:00-де аяқталды.
Партиялар ұсынған тізімдер:
Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 63 кандидат;
Қазақстанның Халық партиясы – 72 кандидат;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 33 кандидат;
"Ауыл" партиясы – 69 кандидат;
"Respublica" партиясы – 76 кандидат;
Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы – 51 кандидат;
"Әділет" саяси партиясы – 186 кандидат.
Енді Орталық сайлау комиссиясы құжаттарды қарап, олардың заң талаптарына сәйкестігін тексереді. 23 шілде күні сағат 18:00-ге дейін партиялық тізімдерді тіркеу аяқталуы тиіс.
Одан кейін бірден сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталады. Ол дауыс беруге бір күн қалғанда, 22 тамызда өтетін "тыныштық күнімен" аяқталады.